Тарихта тұңғыш рет қазақ қызы ММА-ден әлем чемпионы атанды
Ол финалда мексикалық Мелисса Диас Мединаны 13:1 есебімен жеңді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мөлдір Әшірбекова ММА IMMAF бойынша ел тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазір Ташкентте Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының (IMMAF) қамқорлығымен аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Мөлдір Әшірбекова 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты.
Ширек финалда қазақстандық қыз анголалық Эсперанса Чилаланы 17:5 есебімен ұтса, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиланы да айқын басымдықпен (11:1) жеңді.
Содан кейін Мөлдір Әшірбекова финалдық кездесуде мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, 13:1 есебімен жеңіске жетті.
Мөлдір – Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы. Бұл – тарихи жеңіс, - деп хабарлады Қазақстан аралас жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі.