×

СҚО-да мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы сотталды

Экс-мемлекеттік қызметкер пара алған

 Самат Жақып 14.06.2022 | 19:30
Фото: ашық дереккөздерден

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Ағажанов түзеу мекемесіне жазасын өтеуге жіберілді. Азамат фискалдық органның өкілі бола тұра, алаяқтық жолмен кәсіпкерден салық мәселесін шешуге көмектескені үшін 1 миллион 250 мың теңге сомасында заңсыз материалдық сыйақы алған. Ағажановтың іс-әрекеті ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жасау) бойынша сараланды.

Бұған дейін Петропавл қалалық соты М.Ағажановты кінәлі деп танып, аталған факті бойынша айыппұл салған еді. Қылмыстық-сот қадағалау басқармасының басшысы Д.М.Базарбаев түсіндіргендей, облыс прокуратурасы істің мән-жайын ескере отырып, үкімді тым жұмсақ деп санаған. Осыған байланысты бұл шешіммен келіспеген.

Апелляциялық сот прокуратураның дәлелдерімен келісе отырып, М.Ағажановты мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот қаулысы бүгін заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама