Бруцеллездің алдын алу үшін не істеу керек – мамандар кеңесі
Мамандар рұқсат етілмеген жерден сүт және ет сатып алмауды ұсынып отыр
Денсаулық сақтау министрлігі бруцеллездің алдын алу үшін ұсыныстарын жариялады. Оның ішінде үй жануарына вакцина салдыру және ветеринариялық қызметті ескерпестен мал сатып алуға болмайтыны жазылған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сондай-ақ ветеринариялық қызметті ескертпестен малды сатып алуға және сатуға, союға беруге және мал шаруашылығы өнімдерін сатпау қажет.
Ұсыныстар арасында ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін рұқсат етілмеген жерден сатып алмау да бар.
Сүт және сүт өнімдерін мұқият термиялық өңдеуден кейін ғана тұтыныңыз, – дейді мамандар.
Ұсыныстар арасында пастерленбеген сүт өнімдерінен бас тарту да бар.
Егер мал шаруашылығы саласында жұмыс істейтін болсаңыз, шаруашылыққа арнайы киім киген жөн.