Halyq Uni логотип
×

Жел күшейіп, көктайғақ болады: 10 қарашаға ауа райы болжамы

Елордада бүгін қар жауады. Ауа температурасы күндіз 0-2 °C

 Халық үні 10.11.2024 | 09:39
Жел күшейіп, көктайғақ болады: 10 қарашаға ауа райы болжамы
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Қазгидромет 10 қарашаға ауа райы болжамын жариялады. Соған сәйкес, бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Солтүстік жартысында боран, көктайғақ болады. Ал батыста, оңтүстікте тұман түседі.

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндіз ауа райы ашық болады. Республика бойынша желдің күшейеді.

Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты жел соғады, күші 30 м/с және одан жоғары болады деп болжанды.

ІРІ ҚАЛАЛАРДАҒЫ АУА РАЙЫ

Елордада бүгін қар жауады. Ауа температурасы күндіз 0-2 °C. Желдің жылдамдығы – 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28м/с жетеді. Түнде қар жауып, -2-4 °C көрсетеді.

Алматыда күн бұлтты, ауа температурасы +8+10 °C көрсетеді. Желдің жылдамдығы – 2-7м/с.

Шымкентте күндіз күн бұлтты, ауа температурасы +9+11 °C болады. Желдің жылдамдығы – 5-10м/с.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама