Ақмола облысында жас жігітті пойыз қағып кетті

Дәурен Ерболат

Ол машинистің ескертуін елемеген

Фото: ҚТЖ

Ақмола облысында пойыз ер адамды пойыз қағып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қайғылы жағдай таңертең Макинка станциясында болған. Ер адам рельстерден өтіп бара жатқан.

Машинист сигнал беріп, пойыздың тежегішін шұғыл басқан. Бірақ ер адам жауап бермеген.

Арақашықтықтың жақын болуына байланысты пойыз адамды қағып кетті. Жас жігіт құлаққап пен күләпарада болған. Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр, - деп жазылған «Қазақстан темір жолы» АҚ таратқан хабарламада.