Тойда қой үсіне шапан жауып шыққандар көпшіліктің намысына тиді (ВИДЕО)
Асабалардың жеткен жері, халқымыздың деңгейі осы, - дейді оқырман
Әлеуметтік желіде той кезіндегі келеңсіз жағдайдың видеосы тарап, ел ашуын тудырды. Желі қолданушылары ұлттық киімнің қадірін кетіріп, ерсі әрекетке жол бергендерді сынап тастады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Instagram-дағы бейнежазбада асабаның той ортасына үстіне шапан жабылған қойды алып шыққанын көруге болады. Бұл жайтқа куә болған кеш қонақтары күліп, шапалақ ұрған. Алайда бұл жағдай желі қолданушыларының көңілінен шықпады. Керісінше, олар мұндай әрекетке жол бергендерді қатты сынап тастады.
«Асаба жаңалық аштым деп мәз шығар. Бірақ бұл жаңалық емес, нағыз надандық», «Шапанның да қадірін кетіріп жатыр», «Ұлттық киіміміз қор болды», «Асабалардың жеткен жері, халқымыздың деңгейі осы» деп шулады көпшілік.
Алайда бұл видеоның қай уақытта және нақты қай жерде түсірілгені белгісіз.