Олардың бірі – алматылық, екіншісі – жергілікті тұрғын
Тараз қаласының орталығындағы жалдамалы пәтерден зорлық белгілері бар екі әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Олардың бірінің Алматы қаласының тұрғыны, екіншісінің тараздық екені мәлім болды.
Жамбыл облысының полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Жамбыл облыстық ПД басшылығы шықты. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген ресми хабарламада.