Halyq Uni логотип
×

Елордада заң бұзған 15 мың тұрғын жазаланды

Арнайы іс-шара өтті

 Қымбат Елтайқызы 08.11.2024 | 18:00
Елордада заң бұзған 15 мың тұрғын жазаланды
фото: Halyq Uni

Астанада 15 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, бас қалада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр.

Халықпен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында елорда аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр, – делінген ақпаратта.

Өткізіліп жатқан іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің бекітілген әкімшілік аумағындағы тұрғындармен танысып, азаматтар арасында болған әртүрлі құқық бұзушылықты анықтау үшін тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлерді тексеріп жүр. Жалпы, жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 15 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ел аумағында тіркеусіз тұрғаны үшін 6 мыңға жуық адам, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 400-ден астам азамат әрі мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 1800-ге жуық тұрғын жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама