Балаға не болғаны анықталды
Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары екі жасар балаға көмекке келді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Петропавл қаласы Алтынсарин көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде екі жасар бала анасы көшеге шығып кеткенде есікті бекіткішке жауып, қайта аша алмай қалған, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аспалы құралдар көмегімен терезе арқылы пәтерге кіріп, баланы аман-есен анасына тапсырды, – деп қосты ведомство.
Мамандар балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.