×

Алматыда заңсыз карьерлер жабылады

Компаниялардың жұмысы тоқтатылады

 Дастан Жұмабекұлы 14.06.2022 | 17:52
Фото:gov.kz

Алматы қаласының тұрғындары қала әкімі Ерболат Досаевқа заңсыз карьерлерді жабу туралы өтініш айтқаннан кейін мәселе оң шешімін тапты.

«Алматы» телеарнасының хабарлауынша, заңсыз карьерлер жабылады.

16 мамырда Наурызбай ауданының тұрғындары қала әкімімен кездесуде Ерболат Досаевтан Алматы облысы Қарасай ауданының аумағындағы карьердің иелеріне шара қолдануды сұрап, олардың тұрғын үйлерге жақын орналасқанын әрі үнемі шу мен шаң-тозаңнан көз ашпайтындарын айтып шағымданған еді. Осыдан кейін Алматы қаласы әкімдігінің өтініші бойынша Алматы облысының әкімдігі карьердің жұмысын тексеру болып, соның нәтижесінде қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылғанын растады.

Қазір екі кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Үшінші компания да жабылатын болып шешілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама