Жыл сайын 1,6 млн азамат кітапша рәсімдейді
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электронды медициналық кітапша беріледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Жеке медициналық кітапша – жеке кәсіпкерлер жұмысы барысында қоғамдық тамақтандыру, білім беру, денсаулық сақтау, т.б. қызметкерлерге қойылатын талап. Оны өту үшін қызметкерлер медициналық ұйымға барып, зерттеулерден өтеді. Ал азамат 2-3 жерде жұмыс істесе, ол 2-3 кітапша рәсімдейді. Бұл – ақылы қызмет. Осыны ескере отырып, бұл мәселені жою үшін оны цифрлық форматқа ауыстырдық. Заң бойынша техникалық дайындығымыз бар. 1 қаңтардан бастап жеке медициналық кітап цифрлық форматқа ауысады», – деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ алаңында.
Оның мәліметінше, жыл сайын 1,6 млн жуық азамат кітапша рәсімдеп отырады.