Halyq Uni логотип
×

Алматыда 2 мыңға жуық мопед айыппұл тұрағына қойылды

Олардың не үшін қойылғаны белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 08.11.2024 | 14:29
Алматыда 2 мыңға жуық мопед айыппұл тұрағына қойылды
фото: polisia.kz

Биыл Алматы қаласында 1800-ден астам мопед айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, қалада «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Жолдарда апатты жағдайды тұрақтандыру мақсатында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау бойынша бірқатар шара атқарылды. Жазатайым оқиғалардың жай-күйіне көліктердің баламалы түрлерінің: мопедтер мен электрсамокаттардың танымал болуы әсер етеді.

«Талдау көрсеткендей, жыл басынан бері мопедтің қатысуымен 930 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 953 адам зардап шегіп, 15 адам қаза тапты. Ал самокаттардың қатысуымен 127 ЖКО болды. 133 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Сондай-ақ, жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 31 894 мопедист пен 28 762 самокат пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1800-ден астам мопед қойылды», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама