ҰҚК оның суицид жасағанын хабарлады
Шығыс Қазақстан облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза тапты. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Halyq Uni.
7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша өлімге суицид себеп болған, - делінген ресми ақпаратта.
Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.