Halyq Uni логотип
×

Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметші қаза тапты

ҰҚК оның суицид жасағанын хабарлады

 Халық үні 08.11.2024 | 11:11
Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметші қаза тапты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза тапты. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Halyq Uni.

7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша өлімге суицид себеп болған, - делінген ресми ақпаратта.

Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама