Halyq Uni логотип
×

Астанада Махатма Гандиге ескерткіш қойылады

Ол екі елдің достық қарым-қатынасының айғағы болады

 Дастан Жұмабекұлы 14.06.2022 | 17:33
Астанада Махатма Гандиге ескерткіш қойылады
Фото: gov.kz

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен Үндістанның мемлекеттік Сыртқы істер және мәдениет министрі Меенакши Лекхи екі ведомствоның 2022-2025 жылдарға арналған мәдени алмасу бағдарламасына қол қойды.

Кездесуде Дәурен Абаев биыл Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынын, Нью-Дели қаласында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының бюстінің ашылғанын айтып, үнді халқының ұлы қайраткері Махатма Гандиге де екі елдің достық қарым-қатынасының айғағының бірі ретінде Нұр-Сұлтан қаласында ескерткіш ашу жоспарланғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Абаев кинематография, мұрағат ісі, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық танытып, Үнді кинематографистерін «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне қатысуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама