Алматыда вейптерді заңсыз сатқандар ұсталды

Қымбат Елтайқызы

Вейптердің заңсыз сатылымы азаймай тұр

фото: Halyq Uni

Алматы облысының тәртіп сақшылары вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, сақшылар бұл фактіні Іле ауданында анықтады.

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шара барысында Байсерке ауылында орналасқан дүкендердің бірінен тыйым салынған құрылғылар табылды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасып жатыр, – делінген ақпаратта.

Электрондық вейптер мен темекіні жылытуға арналған құрылғылар зиян екені бәріне белгілі. Тәртіп сақшылары зиянды заттардан аулақ болуға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.