Алматыда вейптерді заңсыз сатқандар ұсталды
Вейптердің заңсыз сатылымы азаймай тұр
Алматы облысының тәртіп сақшылары вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, сақшылар бұл фактіні Іле ауданында анықтады.
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шара барысында Байсерке ауылында орналасқан дүкендердің бірінен тыйым салынған құрылғылар табылды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасып жатыр, – делінген ақпаратта.
Электрондық вейптер мен темекіні жылытуға арналған құрылғылар зиян екені бәріне белгілі. Тәртіп сақшылары зиянды заттардан аулақ болуға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.