Астанада бір тәулік ішінде 100-ден аса жол-көлік оқиғасы болды
Полицейлер жаяу жүргіншілерді де абай болуға шақырып отыр
Астана қаласының полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты азаматтарды жолда мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Өткен тәулікте елордада 110 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және автокөліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өтетін жерде жылдамдықты алдын ала төмендетуді сұраймыз, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ полицейлер жаяу жүргіншілерді де абай болуға шақырып отыр.
Жолдан өткен кезде көліктердің тоқтағанын күтіңіз. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – өміріңізді сақтаудың кепілі, - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.