Елордада өзіне қол салмақ болған қыз құтқарылды

Қымбат Елтайқызы

Бұл жайлы оның құрбысы жеткізген

фото: Halyq Uni

Астанада тәртіп сақшылары қыз баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, 102 арнасына қала тұрғынынан құрбысының өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына сақшылар Нұрсұлтан Динабеков пен Дәулет Тұрғынов бар патрульдік полиция экипажы дереу жетті. Тәртіп сақшылары бөлмеге 2-қабаттағы пандус арқылы кіруді ұйғарды.

Динабеков балконның ашық терезесі арқылы пәтерге кіріп, жуынатын бөлмеде өзін жарақаттаған тұрғынды көрді. Полицей жас қызды құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, – делінген ақпаратта.

Тұрғынға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.