Елордада өзіне қол салмақ болған қыз құтқарылды
Бұл жайлы оның құрбысы жеткізген
Астанада тәртіп сақшылары қыз баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, 102 арнасына қала тұрғынынан құрбысының өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына сақшылар Нұрсұлтан Динабеков пен Дәулет Тұрғынов бар патрульдік полиция экипажы дереу жетті. Тәртіп сақшылары бөлмеге 2-қабаттағы пандус арқылы кіруді ұйғарды.
Динабеков балконның ашық терезесі арқылы пәтерге кіріп, жуынатын бөлмеде өзін жарақаттаған тұрғынды көрді. Полицей жас қызды құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, – делінген ақпаратта.
Тұрғынға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.