Көктайғақ пен боран: Ақмола облысында 700 көлікке көмек көрсетілді (ВИДЕО)

Қымбат Елтайқызы

Бірнеше жолда қозғалыс шектелген болатын

фото: polisia.kz

Ақмола облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты тәртіп сақшылары 700-ден астам көлікке жол бастап жүрді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, 6 қарашада Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардың бірнеше учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді.

Жолда оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында сақшылар көліктерге жол бастап жүрді. Полицейлер жүргізушілерге колоннада жүру ережелерін, белгіленген жылдамдық режимі мен аралықты сақтау қажеттілігін түсіндірді. Нәтижесінде Астанадан Щучинск қаласына дейін 150 көлік, оның ішінде 100 жеңіл және 50 жүк көлігін ертті. Щучинск қаласынан Астанаға 574 көлік, оның ішінде 360 жеңіл әрі 214 жүк көлігінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, – делінген ақпаратта.

Патрульдік полицейлер колонналар құрып, жол бойында көліктерді алып жүруді жалғастырып жатыр. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпау керектігі жайлы ескертеді.

Қарағанды облысында жолаушылар қар құрсауынан құтқарылды (ВИДЕО). Қазавтожол көлік жүргізушілеріне ескерту жасады.