Қарағанды облысында жолаушылар қар құрсауынан құтқарылды (ВИДЕО)
Бірқатар өңірде ауа райы күрт бұзылды
ТЖМ қызметкерлері Қарағанды облысында 7 адамды қар құрсауынан құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, таңертең Осакаровка ауданында Степное ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі 7 адамды, оның 5-і бала қар құрсауынан шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді, – деп қосты ведомство.
Мамандар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Олар ауа райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыстың шектелуін қадағалауды сұрайды.
Бұған дейін Қазавтожол көлік жүргізушілеріне ескерту жасаған болатын.