Бұл ауа райының бұзылуына байланысты
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
2024 жылғы 7 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – деп мәлімдеді қалалық білім басқармасы.
Бұған дейін елордада боран салдарынан бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқытуға көшкен еді. Ал кеше желдің күшеюіне байланысты мектептердегі сабақтардың ұзақтығы қысқарған болатын.