Биыл істі қарауда өрескел қате жіберген 21 судья жауапқа тартылды

Дәурен Ерболат

Жоғарғы сот 9 айдағы көрсеткішті жариялады

Фото: Halyq Uni

Елімізде тоғыз айда 21 судья жауапқа тартылды. Бұл туралы Жоғары сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бізде бұл мәселе бойынша статистика жүргізіледі. 2024 жылдың тоғыз айында сот ісін қарау барасында өрескел қате жіберген 21 судья жауапқа тартылды. Былтыр осы кезеңде 9 судья жауапқа тартылған, - деді Нұрия Сисенова Сенаттың жалпы отырысында.

Айта кетейік, елімізде кассациялық соттар құрылатыны хабарланды. Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның сөзіншеЖоғарғы соттың бір судьясы істі кассациялық сатыда қарау-қарамауды жеке дара шешіп келді. Ал Астанада қылмыстық, азаматтық, әкімішілік істер бойынша кассациялық соттардың құрылуы қандай да бір үкімнің заңдылығын қайта қарауға мүмкіндік береді.