Halyq Uni логотип
×

Астанада боран салдарынан оқушылар қашықтан оқиды

Онлайн оқыту форматына 0-7 сынып оқушылары көшеді

 Халық үні 07.11.2024 | 08:27
Астанада боран салдарынан оқушылар қашықтан оқиды
фото: Halyq Uni

Астанада боранның кесірінен көп оқушы қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық білім басқармасы бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушыларының қашықтан оқытуға көшетінін ескертті.

Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты 7 қарашада бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшеді, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше де елордада желдің күшеюіне байланысты мектептердегі сабақтардың ұзақтығы қысқарған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама