Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында 2 жасар бала дәретханаға құлап кетті

Бала оқиға орнында есін жимастан көз жұмды

 Динара Амантай 14.06.2022 | 16:49
Ақмола облысында 2 жасар бала дәретханаға құлап кетті
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында далада тұрған дәретханаға құлаған екі жасар бала қайтыс болды. Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға 14 маусым сағат 11:30 шамасында Бұланды аудандық ПБ кезекші бөліміне қарасты ауылдардың бірінде болған. Екі жасар бала жеке тұрғын үйдің ауласында тұрған дәретханаға құлап кеткен. Оқиға орнына полиция, ТЖМ қызметі, жедел медициналық көмек қызметкерлері барды, – делінген хабарламада.

 ПД қызметкерлерінің мәліметінше, бала оқиға орнында есін жимастан көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама