Halyq Uni логотип
×

Абай облысында балаларға ата-аналарының келісімінсіз діни ілім берілген

4 қайырымдылық мекемесінің қызметі тоқтатылды

 Динара Амантай 06.11.2024 | 13:01
Абай облысында балаларға ата-аналарының келісімінсіз діни ілім берілген
Фото: Halyq Uni

Абай облысында «Ертіс», «Камал», «Болашақ Дарын» және «Болашақ Семей» қайырымдылық мекемелерінің қызметінде бірқатар заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық МАЭС істі қарап, бұл мекемелерде балалардың өмірі мен денсаулығына байланысты заңнаманың өрескел бұзылуына жол берілгенін анықтады. Атап айтқанда, балалар онда тұрып жатқанымен, медициналық ұйымдарда әрі тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген болып шықты. Сондай-ақ мекемелерде өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, діни, қайырымдылық және қаржы-шаруашылық қызметтің бұзылғаны анықталды.

Анықталғандай, аталған 4 мекеменің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келген. Оның ішінде, білім беру қызметін тиісті лицензиясыз іске асырып, сол арқылы балалардың тиісті білім алу, тәрбиелеу және уақтылы медициналық көмек алу құқығы мен бостандығын бұзған. Қайырымдылық мекемелерінің діни бейімділігі расталды: балалар онда ата-аналардың тиісті келісімінсіз бес рет намаз оқып, діни әдебиеттерді оқыды, – делінген іс материалдарында.

Сотта тексеру барысында анықталған мән-жайлар толық расталып, осыған байланысты талап қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама