Halyq Uni логотип
×

Қосымша білім беру ұйымдарына қатысты заң күшейтіледі

Олар қызметі басталғаны не тоқтатылғаны туралы хабардар етуге міндетті болады

 Ербол Тұрымбет 06.11.2024 | 11:01
Қосымша білім беру ұйымдарына қатысты заң күшейтіледі
Фото: Halyq Uni

Қосымша білім беру ұйымдарына хабарлама тәртібін енгізу ұсынылды. Бұл қосымша білім беру қызметін ұсыну сапасын арттыру, балалардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында енгізілмек. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжіліс отырысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрдің айтуынша, «кейбір заңнамалық актілерге білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 2 Кодекске және 5 Заңға өзгеріс пен толықтыру енгізуді көздейді.

Осылайша, қосымша білім беру ұйымдары рұқсат құжаттарын ұсынып, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерді өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етуге заң бойынша міндетті болады.

Айта кетейік, қазір орта және техникалық кәсіптік білім беру лицензияланады, мектепке дейінгі білім беруде хабарлама жасау тәртібі қолданылады. Қосымша білім беру жүйесіне лицензиялау немесе хабарлама жіберу тәртібі жөніндегі талаптар қолданылмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама