Шымкентте жас қыз көпірден секірмек болды
Тағы бір жантүршігерлік оқиға тіркелді
Шымкент қаласында тәртіп сақшысы адам өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, оқиға кеше түнде болды. Кездейсоқ куәгер сақшыларға көше қиылысындағы көпірден секіргелі жатқан қыз туралы хабарлады. Аталған жерге бір жарым минут ішінде патрульдік инспектор Мейіржан Барат жетті. Полицей көпір қоршауынан шығып тұрған қызды бірден ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды.
Қуанышқа орай, мен жақын жерде болдым. Үлгердім. Оқыс оқиға болмады. Бұл – менің міндетім, – деп қысқа қайырды офицер.
Қазіргі таңда тұрғынның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.