Мүгедектігі бар адамдарға қолайсыз өңірлер аталды

Дәурен Ерболат

Жыл басынан бері 2,3 мыңнан аса тексеріс жүргізілген

Фото: Halyq Uni

Елімізде 6 өңір мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұруына қолайсыз. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде қолжетімділіктің интерактивті картасында 43 312 нысан енгізілген. 19 421 нысан (45%) мүгедектегі бар адамдарға толық бейімделген.

Өңірлік аспектіде 6 облыс бойынша жоспардан (40%) төмен көрсеткіштер байқалады. Олар – Алматы қаласы, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстары, - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысында.

Жыл басынан бері әлеуметтік инспекторлар әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2 344 тексеріс жүргізген.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 826 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 199,2 млн теңгеге 798 әкімшілік айыппұл салынды, - деді министр.