Алматылықтарға ескерту жасалды
Қалада қар алас жаңбыр күтіледі
Алматы әкімдігі қала тұрғындарына ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, қалада 5-8 қараша аралығында жаңбыр жауып, ал 7 қарашаға қараған түні қар аралас жаңбыр жауып, сынап бағанасы +2°C-қа дейін төмендейді.
Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы су басу мен көктайғақтың алдын алу үшін 490 арнайы техника және 1120 жұмысшы жұмылдырылғанын хабарлады. 6 қараша кештен бастап жолдарда 160 құмшашыратқыш кезекшілік етеді.
Басқарма жүргізушілерге жазғы дөңгелекті қысқыға ауыстырып, көктайғаққа байланысты сақтық шараларын сақтауға, ал жаяу жүргіншілерге тайғақ тротуарларда абай болуға кеңес береді.