Павлодарда жасөспірімдер синтетикалық есірткімен ұсталды
Олар қалада есірткі сатпақ болды деген күдікке ілінді
Павлодарда полиция 17 жастағы жасөспірімдерді синтетикалық есірткімен ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Петропавлдан келген 17 жастағы балаларды ұстады.
Тексеріс барысында жасөпірімнің бірінен ақ түсті ұнтақ заты бар 20 полимерлі пакет тәркіленді.
Күдіктілердің уақытша тұрған жері де тексерілді. Нәтижесінде жалпы салмағы 200 грамнан асатын синтетикалық есірткі, полимерлі пакеттер, таспа мен есірткіні буып-түюге арналған басқа да құрылғылар тәркіленді.
Жасөспірімдер Павлодарға есірткі тарату үшін келгені, үйді жалға алғаны анықталды. Есірткі немесе психотропты заттарды заңсыз дайындағаны, өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны, не өткізгені үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Тимур Қаржаубаев.
Полиция есірткі қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.