Үкімет 105 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдады
Энергетика министрлігі жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адам газға қол жеткізе алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет жергілікті атқарушы органдарға «Самұрық-Қазына» АҚ қорынан 145 газбен жабдықтау жобасын іске асыруға 105 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған.
2024 жылдың қорытындысы бойынша елді газдандыру деңгейін 61,8%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл 369,0 мыңнан астам адамды немесе 140 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.
Бұған қоса министрлік келер жылы газдандыру деңгейін 62,1%-ға жеткізбек, бұл 55 мыңнан астам адамды немесе 21 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.