БҚО-да пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Ол үйде жалғыз болған

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысы Оралда пәтерде қамалып қалған 2 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, оқиға қаладағы Есен Орақбаев көшесінде орналасқан тұрғын үйде болған. 2 жасар бала пәтерде қамалып қалған. Оның жанында ешкім болмаған.
Мамандар үйдің есігін арнайы құралдардың көмегімен ашып, баланы құтқарды. Ата-ана құтқарушыларға алғыс айтты.