Мекеме күзетшілеріне қатысты да бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған
Желіге Оралда болған оқиғаның видеосы тарап жатыр. Одан таяқпен қаруланған бірнеше жігіт арасындағы төбелесті көруге болады. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, деп хабарлайды Halyq Uni «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жаппай төбелестің видеосын редакцияға оқырмандар жолдаған. Жанар-жағармай құю бекетінің аумағында таяқпен қаруланған бір топ адам төбелескен.
Видеоның басында біреудің бір топ адамнан қашып бара жатқанын көруге болады. Қуып жеткендердің бірі атыс қаруымен қарсыласын екі рет атқан. Содан кейін бір топ адам бір жігітті ортаға алып, таяқпен ұра бастайды.
БҚО ПД баспасөз қызметі бұл жағдай қаладағы түнгі клубтардың бірінде болғанын хабарлады. Олар келушілердің бірін жарақаттаған адамды ұстаған.
Таңғы 5-тер шамасында бір адам түнгі клубқа кірмек болған, бірақ ол мас және агрессивті күйде болғандықтан күзетші оны ішке кіргізбеген. Содан соң жігіт келушілерді және мекеменің күзетшісін пышақпен жарақаттаған. Клубқа келіп отырған бір топ жігіт пен күзет қызметі пышақ ұстаған адамды ұстап, полиция қызметкерлері келіп жеткенше соққыға жыққан. Ер адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген ведомство хабарламасында.
Полиция департаментінің өкілдері мекеме күзетшілеріне қатысты да бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.