Halyq Uni логотип
×

Қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың анасы Тоқаевтан араша сұрады

Қасымбаев 2 қарашада қамалды

 Халық үні 04.11.2024 | 17:07
Қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың анасы Тоқаевтан араша сұрады
Коллаж: Қасымбаевтың фотосы желідегі парақшасынан

Алматы облысында 2 қарашада Хасан Қасымбаев қамауға алынды. 4 қарашада күдіктінің туыстары полиция департаменті ғимаратына келіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан істі бақылауға алуын сұрады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізге үндеу жариялаймын. Менің ұлым ісін әділетті шешіп беруіңізді, өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын. Ұлымды жазықсыз қаралап отыр, ешқандай кінәсі жоқ. Соны дәлелдеп берсін. Полиция департаменті басшысы, прокурордан жауап күтемін, сол үшін келіп отырмын, - дейді Қасымбаевтың анасы.

Айта кетейік, Талғарда жасөспірім Шерзат Полаттың қазасынан кейін әлеуметтік желіде Хасан Қасымбаевтың «Хутор» қылмыстық топтың басшысы деген ақпарат тарады. Алматы облысы полициясы оның 2 қазанда қамауға алынғанын хабарлады. Алайда ол 2021 жылғы іс бойынша күдікке ілінген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама