Halyq Uni логотип
×

Елімізде үш күнде 1260 қылмыс тіркелді

Арнайы іс-шаралар нәтижесі белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 04.11.2024 | 16:40
Елімізде үш күнде 1260 қылмыс тіркелді
фото: Halyq Uni

Қазақстанда үш күнде 1260 қылмыс тіркелді. Бұл туралы департамент бастығы – Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ІІМ брифингі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, республика бойынша «Учаске» және «Құқықтық тәртіп» кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізіліп, оған 16 мыңнан астам полиция қызметкерлері мен ұландықтар жұмылдырылды. Үш күн ішінде 1260 қылмыс тіркелді. Оның 858-і кезекші тәулікте ашылды.

Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 180 адам ұсталды. Олардың арасында:

  • 78-і есірткі үшін (олардан шамамен 13 кг есірткі заттары тәркіленді);
  • 54-і атыс қаруы үшін;
  • 31-і суық қару үшін.

Есепте тұрған 39 мыңнан астам адам тексерілді. Оларға қойылған шектеулердің 392 рет бұзылғаны анықталды.

Бұған қоса, үш күн ішінде 9 мыңнан астам қараусыз қалған үй, 17 мыңнан астам саяжай және 13 мыңға жуық пәтер тексерілді.

29 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Олардың ішінде:

  • ұсақ бұзақылықтың 547 фактісі;
  • алкогольдік ішімдіктерді ішудің немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүрудің 3300 фактісі;
  • тыныштықты бұзудың 1245 фактісі;
  • қорғау нұсқамаларын бұзудың 152 фактісі;
  • әкімшілік қадағалауды бұзудың 63 фактісі;
  • қарсы жолаққа шығудың 201 фактісі;
  • көлік құралын мас күйінде басқарудың 274 фактісі бар;
  • 4390 жаяу жүргінші ереже бұзған;
  • 1,5 мың адам жүргізуші құқығынан айырылғанына қарамастан көлік жүргізген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама