Құжат жобасы 18 қарашаға дейін қоғамдық талқыға шығарылған
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Цифрлық үкіметті қолдау орталығы еліміздегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты болады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған.
Қазір бұл функция Ғылым және білім министрлігі Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының құзырында.
Цифрлық даму министрлігі 2018 жылы институт құрылғалы бері жүргізіп жатқан жұмыс туралы хабардар етілмеген, институтты жедел басқару, жұмыстың басым бағыттары мен міндетті көлемін айқындау мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдай ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге, оны дамытуға және жүктелген функцияларды тиімді орындауға теріс әсер етеді, - деп жазылған құжат түсініктемесінде.
Айта кету керек, Цифрлық даму министрлігі алдында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде байланыс желілеріндегі қауіпсіздікті күшейту, қорғалған мобильді желіні құру және т. б. бойынша бірқатар міндеттер тұр.
Құжат мәтініне қарағанда, технология өмірдің көптеген аспектілерінде барған сайын маңызды рөл атқаратын қазіргі қоғамдағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі талаптардың өзгеруі мен қатаңдатылуын ескере отырып, институт функцияларын Цифрлық үкіметті қолдау орталығына беру қажет деп санайды.
Құжат жобасы 18 қарашаға дейін қоғамдық талқыда болады.