Halyq Uni логотип
×

Хасан Қасымбаевтың ұсталуы: іс бойынша 5 адам сотталған

Іс материалдары сотқа жіберілді

 Халық үні 04.11.2024 | 13:32
Хасан Қасымбаевтың ұсталуы: іс бойынша 5 адам сотталған
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында 2 қарашада Хасан Қасымбаев қамауға алынды. Облыс полициясының хабарлауынша, 2021 жылдың маусымында А. есімді азаматтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, сол кісіні ұрлады деген күдікпен бес азамат ұсталған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Олар Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған үкім негізінде сотталып, қазір жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жатыр.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде, жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 2024 жылдың 2 қарашасында Қасымбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жалғасып жатыр, – деп хабарлады полиция.

Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама