Ескерткіш жауынгерлерге арналған
Ақмола облысының тәртіп сақшылары вандализм жасаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, заңбұзушылық 26 қазанда тіркелді. Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш бүлініп, тақтайшалар жұлынған. Сақшылар оқиға орнына жедел жетіп, тексеру жүргізіп, сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 38 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ұсталған күдікті жасаған іс-әрекетін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады, – делінген ақпаратта.
«Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысты ашу үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр.