Семейде бірнеше көлік апатқа түсті
Жол апаты тіркелді
Семейде жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктердің бірі айналып, төбесіне құлаған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Өткен жұма, 1 қараша күні түске таман Дулатов пен Фрунзе көшелерінің қиылысында үш көлік апатқа түсті. Мәлімет бойынша, Toyota және Honda маркалы көліктер соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан Honda аударылып, жол жиегінде тұрған Mercedes-ке соғылған. Қуанышқы орай, бұл оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, деп мәлімдеді alashtimeskz.
«Құрметті жол қозғалысына қатысушылар. Есіңізде болсын, жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау — бұл сіздің ғана емес, айналаңыздағылардың да қауіпсіздігінің кепілі. Жылдамдық режимін сақтаңыз, жол жағдайын қадағалаңыз әрі ықтимал апатты жағдайларды болдырмау үшін қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз», – деп еске салды Абай облыстық полиция департаменті.