Арнайы мамандар жұмылдырылды
Құтқарушылар адасып қалған балықшыларды тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, түнде 112 пультіне Ұлытау облысында екі адамның Сарысу көліне балық аулауға кеткені және байланысқа шықпағаны туралы хабарлама түсті.
Келген ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен жүзіп кетіп, адасып кеткен 1960 және 1968 жылдары туған ер адамдарды тапты. Олар зардап шеккен жоқ, – деп қосты ведомство.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыздар, деп ескертті мамандар.