Оның үшеуі – бала
Ақтөбе облысының диспетчерінің пультіне 7 адамның, оның ішінде 3 баланың жеңіл автокөлікпен Ырғыз ауданының Нұра ауылынан жолға шығып жоғалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Іздеу жұмыстарының нәтижесінде бұл азаматтардың елді мекеннен 30 км қашықтықта батпақты жерде кептеліп қалғаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында олар тұтқыннан босатылып, үйлеріне аман-есен жеткізілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ ауа-райы қолайсыздығы кезінде жолға шығу қауіпті екенін еске салады. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыздар, дейді мамандар.