Аймағамбетов БҒМ-ның неге бөлінгенін түсіндірді
Бұл – логикалық бастама
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің екіге бөлінуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Министр ведомствоның бөлінуі логикаға сай келетінін атап өтті.
Бұл өзгеріс қазіргі еліміздің даму кезеңіне байланысты деп айтуға болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылым саласын дамытуға баса назар аударып отыр. Сондықтан бұл – логикалық бастама. Бұл балабақшалар мен мектептердегі білімді жіті бақылауға, әрі ғылым мен жоғары білім саласын дамытуға мүмкіндік береді, - деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысынан соң.