Құлсарыда бесінші қабаттағы балконда қалған балалар құтқарылды

Қымбат Елтайқызы

Оларды полицейлер аман алып қалды

фото: Halyq Uni

Құлсары қаласының тәртіп сақшылары бесінші қабаттың балконында қалған балаларды құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, түнде аумақты патрульдеу барысында учаскелік полиция инспекторлары жоғары қабаттан жылаған балалардың дауысын естіген. Анықтау барысында балалардың бесінші қабаттағы балконда жалғыз қалғандары белгілі болды.

Сақшылар көпқабатты үйдің сыртқы жабынын жөндеуге арналған баспалдақтар арқылы пәтерге өткен. Өзге әріптестері жанама баспалдақтың құлап кетпеуі үшін ұстап тұрған, – делінген ақпаратта.

Полиция капитаны Дархан Ажигулов 4 және 6 жастағы бүлдіршіндерді қауіпсіз жерге шығарды. Балалардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.