Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Күн күрт бұзылады, дейді синоптиктер
Қазгидромет 3 қарашада еліміздің бірнеше аймағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ведомство мәліметінше, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Батыс Қазақстанда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Солтүстік Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады, – делінген ақпаратта.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз аймақтың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі.