Оларға қандай жаза қолданылғаны белгілі болды
Биыл Шымкент қаласында ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін 13 мыңға жуық тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, жыл басынан бері қалада аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 13 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау заңнамаға сәйкес 5 АЕК мөлшеріндегі айыппұлға әкеледі. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталанса, құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.