Биыл әрбір қазақстандық орта есеппен 40 келіден артық ет жеген
Биыл өнімді ең көп тұтынған өңір – Маңғыстау облысы
Биыл әр қазақстандық орта есеппен 40 келіден артық ет өнімін тұтынған. Бұл – былтырғымен салыстырғанда, 3,1 пайызға артық көрсеткіш, деп хабарлайды Halyq Uni «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Былтыр елімізде етті тұтыну жан басына шаққанда 80,1 келі болған.
- Биыл өнімді ең көп тұтынған өңір – Маңғыстау облысы. Онда әрбір тұрғын 50 келіге жуық ет жеген.
- Жамбылдықтар мен Атырау өңірінің тұрғындары да ет жеуден қалысар емес.
- Ал Шымкент пен Түркістанның халқы – өнімді ең аз тұтынатындардың қатарында.
Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар көбіне сиыр етін тұтынады. Бір адам орташа есеппен оның 12,7 келісін алған. Ал жылқы етінен 3 келі 600 грамм тұтынса, тауық етінен 2,6 келі және 2,5 қой етін жеген.
Елде бір жылда еттің бағасы 2,9 пайыз өскен. Ал шұжық өнімдері 4,9 пайыз артқан. Сондай-ақ сұранысқа ие сиыр еті 2,5, жылқы еті 1,2 пайыз қымбаттаған.
Аймақтар бойынша ет ең көп қымбаттаған өңір – Атырау облысы. Одан кейінгі орындарда Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласы тұр.