Ведомство басшысының пікірінше, бұл мәселеге ғылыми талдау жүргізілуі керек
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы гүленшілерге қатысты сұраққа жауап беруден бас тартты.
Үкімет отырысынан соң Halyq Unі тілшісі министрден «Мектепте орал тағу мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұған гүленшілердің қатысы жоқ па? Себебі, олар білім және ғылым саласында еңбек етіп жатыр деген бейресми ақпарат бар. Олардың аталған салаға ықпалы болуы мүмкін бе?» деп сұрады.
Алайда министр сұраққа мардымды жауап бере алған жоқ.
Біз кімнің нені, не үшін талқылап жатқанын білмейміз. Өйткені бұл туралы айту үшін мәселеге ғылыми талдау жүргізілуі керек. Сондықтан «Кімнің ықпалы бар (салада – автор)?» деген мәселеге мен жауап бере алмаймын, - деді ол.