Halyq Uni логотип
×

Оралдық белгілі кәсіпкер мен ағасы апаттан қаза тапты

Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді

 Халық үні 01.11.2024 | 22:03
Оралдық белгілі кәсіпкер мен ағасы апаттан қаза тапты
фото: дереккөз

1 қарашада Батыс Қазақстан облысындағы Орал-Озинки тасжолында апат болды. Соның салдарынан жергілікті кәсіпкер Владимир Охватов пен оның ағасы қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni «Мой городқа» сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 1 қарашада таңғы сағат 8-де Орал-Озинки тасжолының 95-шақырымында, Достық ауылының маңында Toyota Granvia көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған. Салдарынан көлік жол жиегіне ұшып кеткен.

Жол апаты салдарынан 58 жастағы жүргізуші мен 64 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп түсіндірді полиция.

Көлікте белгілі кәсіпкер Владимир Охватов пен оның ағасы болғаны анықталды.

Айта кетсек, Владимир Охватовтың Оралда «Шале» деген клубы болды. 2017 жылдың қазанында ол өртеніп кеткен. Өрт аумағы 800 шаршы метрді қамтыды. Өртке ЖШС-нің бірінің қызметкері кінәлі деп танылып, сот ұйымнан 120 миллион теңге өндіру туралы шешім қабылдаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама